Қорытынды бақылау сұрақтары

1.  Түрік қанағаты немесе Түрік қағандығы қай жылдары өмір сүрді? Түрік кағандығы неліктен  екіге бөлінді?

2. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер қандай?

3. Қыпшақ қоғамы қалай өмірге келді?

4. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті қалай аталады және қай жылдары өмір сүрді?

5. "Ұлы жібек жолындағы" ежелгі кент-қалалар қалай аталады?

6.  Ежелгі түрік таңбалары қалай болды? Көне жазу-сызулар қалай аталды?

7. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер қандай болды?

8. Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы кімдер болды және олар туралы тасқа қашап жазылған дастандардың мазмұны қандай еді?

9. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер кімдер?

10. Орхон жазба ескерткіштері және Түрік қағанатындағы тарихи шындық пен көркем шыңдықтың арақатынасы туралы не білесің?

11. "Күлтегін " жырының көркемдік ерекшеліктері қандай?

12. "Күлтегін", "Білге каған" және "Тоныкөк" жырларында жиі қолданылатын көркемдегіш құралдар туралы не білесің?

13.  Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы қандай?

14. "Күлтегін" жыры мен қазақ эпосының байланысы бар ма?

15.  Руна жазуындағы дастандардың идеялық мазмұны қандай?

16. Күлтегін  қандай тұлға?

17. "Күлтегін" жырының сюжеттік құрылысы қандай?

18. Тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген "Алпамыс батыр", "Қамбар батыр", "Қобыланды батыр" "Шора батыр" сияқты қазақ эпостары мен "Күлтегін" жыры арасындағы үндестік туралы не білесің?

19. Орхон ескерткіштерінің мәні неде?

20. Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыздың арақатынасын ашып бере аласың ба?                  

21. Қорқыт ата қай кезеңде өмір сүрген, қандай кейіпкер?

22. "Қорқыт ата кітабы" қандай ескерткіш?

23. «Қорқыт ата кітабының» құрылысы қандай?

24. "Оғыз-наме" қандай шығарма?

25. "Оғыз-қаған" эпосына негіз болған аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер туралы не білесің?

26. Оғыз қаған қандай кейіпкер?

27. "Оғыз-наме" эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктер.

28. "Оғыз-наме" эпосының негізгі қаһармандары кімдер?

29. "Оғыз-наме" эпосының нұскалары туралы не білесің?

30. "Оғыз-қаған" эпосын қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеуші кім?

31. "Оғыз-қаған" эпосы мен "Қобыланды батыр" жырындағы ұқсас көріністер.

32.  Оғыз батыр туралы эпостың тілі. Көркемдеу әдістері.

33.  Әбу-Насыр әл-Фарабидің /толық аты-жөні: Мухаммед ибн Мухаммед ибн үзлағ Тархани Әбу-Насыр әл-Фараби/ - дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттен алатын орны қандай?

34. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған қандай зерттеулерін білесің?

35. Әл-Фараби әдебиет теориясын зерттеуші ретінде қандай еңбектер жазды?

36. Әбу-Насыр әл-Фараби поэзиялық мұрасы туралы не білесің?

37. Әл-Фараби туралы орта ғасыр ғалымдарының ой-пікірлері қандай?

38. Әл-Фараби мұрасын зерттеуші қазақ ғалымдарының қандай еңбектері бар?

39. Х-ХП ғасырлардағы әдебиет ескерткіштеріне қандай мұралар жатады?

40. Қарахан әулеті билік жүргізген тұстағы /Х-ХІІ-ғасырлар/ қоғамдық әлеуметтік жағдай қандай болды?

41.  Х-ХП ғасырларда Орта Азия, Жетісу және Қашқария жерінде қандай тайпалардың үстемдігі күшейді?

42. Қарахан мемлекетінде Х-ХІІ ғасырларда көптеген әдеби ескерткіштер қай тілде жазылды?

43. Орта ғасырлардағы ең танымал әдеби туындылар қалай аталады және олар қай тілде жазылды?

44. Махмуд Қашғари кім және қай кезеңде өмір сүрді?

45. "Диуани лұғат ат-түрк'' қандай еңбек? Қазіргі түркі тілді халықтарға қандай байланысы бар?

46. "Диуани лұғат ат-түрктің" әдеби мәні мен көркемдік ерекшеліктері қандай? 47.М.Қашғари жинаған үлгілер мен қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылатын мақал –мәтелдер мен қанатты сөздерді білесің бе?

48. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн кім және қай кезеңде өмір сүрген?

49. Оның "Құтты білік" дастанының бізге қандай нұсқалары жетті?

50. "Құтты білік" дастанының негізгі идеясы қандай?

51. "Құтты білік" дастанының негізгі сюжеттік желісі.

52. "Құтты білік" дастанының тәрбиелік мәні қандай?

53. Ахмед Иүгінеки кім және ол қай кезеңде өмір сүрді?

54.  "Ақикат сыйы" шығармасының композициялық құрылысы мен идеялық мазмұны қандай?

55. "Ақикат сыйы" дастанының көркемдік ерекшеліктері.

56. Қожа Ахмет Иассауи кім және ол қай кезеңде өмір сүрген?

57. Қожа Ахмет Иассуидің ислам әлемінен алатын орны қандай?

58. Оның "Диуани хикмат" атты еңбегінің ғылыми, тарихи мәні неде?

59. Сүлеймен Бақырғани мен Қожа Ахмет Иассауидің арасында қандай байланыс бар?

60. "Бақырғани кітабының" негізгі идеясы неде?

61. "Бақырғани кітабының"  аудармасы туралы не білесің?

62. Алтын Орда дәуірі әдебиеті (ХІІІ-ХҮ ғасырлар) кезеңіндегі тарихи-әлеуметтік жағдай қандай еді?

63. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің бізге қандай үлгілері жетті?

64.  Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеті қай тілде жасалды?

65. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері кімдер?

66. Насреддин Рабғузи  кім, ол қай кезеңнің өкілі?

67. "Рабғузи қиссаларындағы" негігі мәселелер не?

68. "Рабғузи қиссаларының" тақырыбы мен шығармашылық құрылысы туралы не білесің?

69. "Рабғузи қиссаларының" зерттелуі, қазақ тіліне аударылуы.

70.  "Кодекс Куманикус" қандай еңбек?

71. "Кодекс Куманикустағы" негізгі мәселелер?

72. "Мұхаббат-наме" дастанының авторы Хорезми туралы не білесің?

73.  "Мұхаббат-наменің" қандай нұсқалары бар?

74. "Мұхаббат-намені" зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар туралы не білесің?

75. "Мұхаббат-наменің" лирикалық қаһарманы кімдер? Дастанда өмір шындығы қалай көрінеді?

76. " Дастанның көріктеу кұралдары, өлең қурылысы, тілі.

77. Құтбтың  “Хұсрау-Шырын" дастаны мен  азербайжанның ұлы ақыны Низамидің осы аттас поэмасының арасындағы байланыс туралы не білесің?

78.  Кұтб аудармасынын көркемдік ерекшеліктері қандай?

79. "Хұсрау-Шырын” дастанының негізгі тақырыбы не?

80. "Хұсрау-Шырын" дастанының қазақтың лиро-эпостық жырларымен қандай сарындастығы, үндестігі бар?

81. Сайф Сараи кім, қай кезеңнің өкілі?

82. "Гулистан бит-түрки" қандай шығарма?

83. "Түркі тіліндегі Гулистанның" парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің "Гүлстан" атты шығармасымен қандай байланысы бар?

84. "Гулистан бит-түрки" қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы түрколог-ғалым кім?

85. "Түркі тіліндегі Гулистанның" композициялық құрылысы қандай?

86.  Көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу құралдары, тілі, құрылысы қандай?

87. Дүрбек  кім, қай кезеңнің өкілі?

88. "Жүсіп-Зылиха" дастанының негізгі  идеясы не?

89. "Жүсіп-Зылиха" дастанын кімдер зерттеді?

90. Әбілғазының "Түркі шежіресі" қандай еңбек?

91. "Түркі шежіресі" қандай баптардан тұрады?

92. "Түркі шежіресінің" қашан  табылды? Кімдер зерттеді?                                                   

93. Қадырғали Жалаиыридің "Шежірелер жинағында" не туралы баяндалады? 94."Шежірелер жинағындағы" көркемдегіш тәсілдер?

95. "Шежірелер жинағының" алғашқы басылымдарын кімдер зерттеді?

96. Мұхамед Хайдар   Дулати(1499-1551) кім?

97. Оның "Тарихи-Рашиди" шежіресінде не туралы баяндалады?

98. "Тарих-и Рашидидің" зерттеуші, аудармашылары кімдер?

99. Захириддин Мұхаммед Бабыр( 1483-1530) кім?

100. Оның "Бабыр-наме" атты шығармасы қандай еңбек, не туралы?

101. "Бабыр-намені" зерттеу, өз тілдеріне тәржіма жасау, бастырып шығару ісіне қай елдің ғалымдары атсалысты?

102. "Бабыр-наменің" идеялық мазмұны, тарихы, әдеби мәні, тілі қандай?